Жәнібек аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен прокурордың орынбасарлары Елжан Кузеев пен Құндыз Бектемірова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Айбек Ғазезов Ұзынкөл орта мектебінің ұжымымен кездесті.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Айтқалиқызы сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру хақында баяндама жасап, мысалдар келтірсе, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Айбек Талапұлы интернет алаяқтық, оның түрлері және салдары, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы толық түсінік берді.
Прокурордың орынбасары Е.Кузеев қатысушылармен сыбайлас жемқорлық бойынша сауалнама жүргізіп, жеке қабылдау өткізді. Сонымен қатар Қ.Бектемірова мектеп оқушыларды адамның жыныстық қол сұғылмаушылығы, ол жеке адамның конституциялық құқықтық мәртебесі екендігін айтып, толық ақпарат берді. Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz