19.11.2020, 13:43
Оқылды: 18

Құл ұстаймын деп, құрыққа түсті

Бұл оқиға есте жоқ ескі замандағы құлиеленушілік қоғамды тағы бір еске салды. Мұндай қылмыстық істің басқа жер емес, қаймағы бұзылмаған қазақы Жаңақала ауданында анықталғаны жаға ұстатты.

5474C0FE-F3B8-4ABC-9FF9-368C7030F2D0

«Батыс Қазақстан облысында қожалық басшысы үш адамды құлдықта ұстап, малын бақтырып қойған» деген хабар желіде желдей ескен болатын. «Бұл қалай, қашан болған оқиға?» деп Жаңақала аудандық полиция бөлімінің бастығы Бижан Төремұратовқа хабарласып, мән-жайды сұраған едік.

- Аталмыш оқиға жедел ақпарат түскен соң, тексеріс барысында анықталды. Жаңақала ауданында Х. деген 48 жастағы қожалық басшысы 28, 37, 41 жастағы үш ер адамды қорқытып, «Майдан» қыстағында 10 күн бойы заңсыз ұстаған. 30 қазан мен 10 қараша аралығында малын бақтырып, жұмысын жасатқан. Бұлардың үшеуі де  - облыс тұрғындары. Қазіргі кезде ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлігіне (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,- деді ол.

Ақсұңқар Сәдір,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале