3.06.2025, 10:45
Оқылды: 390

Құлпынайдың кереметі Ақжайықта

Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевтың жұмыс сапары Ақжайық ауылдық округінде жалғасты. Онда «АЭЛИТА» жеке кәсіпкерлігінің басшы Мереке Беккалиевтың қолға алған шаруашылығын көрді. 2017 жылы құрылған жеке кәсіпкерлік қазіргі таңда құлпынай өсірумен айналысады.

image-03-06-25-09-30

Несие сомасы - 8,7 млн. теңгені құрайды. Екі адамды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлік «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында бақ ағаштарын отырғызу және бақша өнімдерін  өндіруге 8,7 млн. теңге несие алып шаруасын дөңгелетуде.

image-03-06-25-09-30-6

Несие қаражатына 1 га жер телімін қоршауға арналған материал  - 1 млн 170 мың теңге, құдық соғу және суару жүйесі, су сақтау құрылғысы  - 2 млн 100 мың теңге, бақ ағаштары – алма 220 дана, алмұрт – 50 дана, шие – 30 дана, қарақат – 30 дана, жалпы бақ ағаштарының түп саны – 330 түп. Бақша егуге құлпынай 4500 түп, жалпы соммасы 2 млн 900 мың теңге. Мотоблок 1 дана- 280 мың теңге.

image-03-06-25-09-30-2

Қалған 2 млн. 500 мың теңге қаражатқа қосымша өз қаражаты есебінен 3 млн. 350 мың теңге қосып жүк тиегіш тарактор (погрузщик – 1,5 тн.) сатып алды. Егілген 320 түп бақ ағаштары жапырақ жайды. Қазіргі таңда құлпынайдан 4500 түп егілген.  Бүгінгі күнге дейін 150 кг өнім алған. 2025 жылғы жоспар бойынша 3 тонна құлпынай өнімін алуды жоспарлауда.

image-03-06-25-09-30-3

Егілген құлпынайдың «Альбион» - 500 түп,  «Флоренс» - 1000 түп,  «Федерико» - 3000 түп секілді үш түрі егілген.Күз мезгілінде қосымша 4500 түп егілді. Құлпынайдың құлпырғанын көрген облыс басшысы Мереке Беккалиевтың ісіне береке тілеп, ризашылығын білдірді. Сапар барысында Нариман Төреғалиұлы әрбір ауылға осындай алма бағы мен құлпынай секілді жеміс-жидек өсіру қолынан келетін азаматтарды қолдау керектігін атап өтті.

Т.Тоқмамбетов,

Теректі ауданы

image-03-06-25-09-30-1

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале