6.12.2024, 0:00
Оқылды: 91

Құмақсай ауылының жаңа әкімі жұмысын бастады

Бүгін Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев Құмақсай ауылдық округі халқына жаңадан сайланған округ әкімі Сержан Мәдиевты таныстырды.

photo-output

Жаңа әкімге ауыл тұрғындары сәттілік тілеп, жұмысынан зор үміт күтетіндерін жеткізді.

Сонымен қатар, аудан басшысы бүгінгі күнге дейін осы округте 4 жыл әкімдік қызмет атқарған Бақтияр Карлдың да болашақ еңбек жолына жетістіктер тілеп, алғыс айтып шығарып салды.

Мәлімет үшін айта кету керек, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2024 жылдың 1 желтоқсан күні Құмақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын.

Қазақстан Республикасының «ҚазақстанРеспубликасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлаукомиссиясы 2024 жылғы 5 желтоқсандағы №55 шешімімен Құмақсай ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Мадиев Сержан Салембайұлы 1977 жылы туған, жұмыссыз,Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жаңа Орда шағын ауданында тұрады. Әкімдікке үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған.

Рауан Таңатжанұлы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале