8.11.2023, 16:15
Оқылды: 52

«Құмақсай екенін ұмытпайық»

Теректі аудандық мәслихаты бүгін ІX кезектен тыс сессия отырысын өткізді.

сессия

Аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев жүргізген жиынға аудандық мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, бірқатар бөлім басшысы қатысты.

сессия +

Сессияда ауданның және округтердің 2023-2025 жылғы бюджетін бекіту жайлы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғабит Ғазиев баяндады.
Теректі ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сәкен Идресқалиев алдымен жуырда ауылшарушалық және кәсіпкерлік бөлімі басшысы болып тағайындалған Сандуғаш Айтқалиеваны таныстырды.

Сонымен қатар аудандық мәслихаттың №11-11 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу жайына тоқталды.

Жер комиссиясының құрамы, ережелер бекіту және кейбір елді мекендердің жер-шаруашылық орналастыру жобаларына өзгеріс енгізу ұсынысын аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағадат Жолдығалиев айтты.

Биыл Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің №123 қаулысы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының №3-3 шешімі негізінде Теректі ауданының Новопавловка ауылдық округі Құмақсай ауылдық округі деп аталынды. Ал округ орталығы - Новопавловка ауылы енді Құмақсай деп аталады. Дегенмен ескі атауды әлі де қолданып жүргендер бар. Соған орай, бөлім басшысы «Новопавловка» деген атау алынып тасталғанын баса айтты.
Жалпы күн тәртібі бойынша жеті мәселе қаралған сессияда мәслихат төрағасы Қоғамдық кеңес құрамын бекіту жайлы баяндады.
Әр мәселені мұқият тыңдап, зерделеген мәслихат депутаттарының дауыс беруімен сессия отырысының шешімдері қабылданды.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале