Құмақсай ауылында қайырымдылық айлығы аясында «Ел қариясы – ел қазынасы» атты шара өтті.
Ауылдың қазыналы ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымызға құрмет көрсетілген шарада Құмақсай ауылдық округі әкімі Бақтияр Карл құттықтау сөз сөйледі.
Шараға арнайы кеп қатысқан «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев пен Теректі аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Жандос Сұңғатов сөз алып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Ауылдық клуб қызметкерлері әуелеген әсем ән салып, шара соңында қарттарға естелік сыйлықтар беріліп, дастархан жайылды.
Әділет Әлібекұлы
Теректі ауданы