Құмақсай ауылдық округінің тұрғындары да таңсәріден бастап референдумға асықты.
Бұған дейін де талай референдум өткен, дегенмен бұл референдумның жөні мүлдем бөлек екенін ауыл жұрты ризашылықпен жеткізуде.
№355 сайлау учаскесінде 442 адам бар. Ал үйден дауыс беретіндердің саны — 53.
Қазіргі таңда референдум заңына сай жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғындар үшін қуанышты жаңалық екені жасырын емес. Сондықтан тұрғындарға өз таңдауын жасауға барлық мүмкіндік жасалған.
Айта кетейік, дауыс беруге арналған учаскелер таңғы сағат 07.00-де ашылып тиісті хаттамаларын жасады.
Самал Жамет
Теректі ауданы