1.12.2024, 11:12
Оқылды: 106

Құмақсайлық Әжіғали қария сайлау уческесіне келіп дауыс берді

№355 сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын беріп жатқан ағайынның қарасы қалың. Жас буын өкілдерімен қатар бар шаруасын ысырып, маңызды сәтке үн қосқан қариялар да баршылық.

1

Теректі ауданы Құмақсай ауылдық округінің әкімін таңдауда қапы қалғысы келмейтін Әжіғали Ахмадиев өзінің жары София Қадырғұловамен келді.

2

– Ауыл әкімін сайлау – бұл тек әкімді таңдау ғана емес, ауыл өмірінің сапасын жақсартуға жасалған қадам. Әрбір дауыс маңызды және елдің болашағына әсер ететінін ұмытпау қажет. Белсенді түрде қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыздар,- деді Әжіғали қария.

Комиссия төрағасы Ержан Құлниязов болса, көрегенділік танытқан ақсақалға ризашылығын білдіріп, естелік сыйлық берді.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале