10.02.2023, 18:53
Оқылды: 33

Құмар ойынға құныққандар

Аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бірінші тоқсандағы отырысы өтті. Оған ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдер мен құқыққорғау органдарының басшылары қатысты.

WhatsApp Image 2023-02-10 at 16.37.28

Отырыстың күн тәртібінде Тау және Қамысты ауылдық округтеріндегі әлеуметтік желі арқылы ұтыс ойындарын ұйымдастырушы азаматтар туралы Тау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Алтынбек Әбдірахманов пен Қамысты ауылдық округінің әкімі Нұрлан Аюпов хабарлама жасады.

WhatsApp Image 2023-02-10 at 16.37.29
Олардың сөзіне сүйенсек, өткен жылдың қараша айынан бастап, аталған ауылдарда лотерея секілді құмар ойындарды ұйымдастырушылар мен оған әуестенушілердің қатары артып отырған көрінеді. Тау ауылында үш, Қамысты ауылында бес құмар ойынды ұйымдастырушылар анықталған. Олардың арасында зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі қамтушы, тіпті медицина қызметкері мен мұғалім де бар екен. Олар лотерея ойындарын әртүрлі форматта әлеуметтік желілер (инстаграмм, ватсап) арқылы жарнама таратып, онлайн түрде өткізеді. Билеттер әлеуметтік желі арқылы ашық түрде сатылуда. Ұтыс билеттерінің құны 500 теңгеден бастап, 10 000 теңге аралығын құрайды.

WhatsApp Image 2023-02-10 at 16.37.29 (1)

Ұйымдастырушылардың арасында ақшадан өзге ұтысқа автокөлік пен малды тіккендер де болыпты. Бұл ойындар аяқ астынан байып шыға келетіндей, еліктегіш жастардың санасын жаулауда. Жастар ата-аналарының ақшасын, ер азаматтар тапқан табысын ұтыс ойындарына жұмсап, отбасылық дау туындатып отырған көрінеді.

WhatsApp Image 2023-02-10 at 16.37.29 (2)
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық прокуратураның прокуроры Елжан Кузеев аудан аумағындағы мал ұрлығының алдын алу туралы хабарлама жасады. Комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылар қаралған мәселелерге байланысты өздерінің ұсыныс-пікірлері мен ойларын ортаға салды.

Асқар Құсайынов,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале