19.11.2024, 11:19
Оқылды: 70

"Күміс алқа" алқасы табысталды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 679 Жарлығына сәйкес Тау ауылының тұрғыны көпбалалы ана Арайлым Ғұмароваға «Күміс алқа» алқасы мен куәлігін табыстады. 
image-19-11-24-11-02
Мирболат Бауыржанұлы ел демографиясына үлес қосып отырған көпбалалы ананың деніне саулық, отбасына амандық тіледі.
- Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу – үлкен еңбек және барлығымыз үшін үлгі. Сіздердің арқаңызда отбасы құндылықтары нығайып, қоғамымыздың рухани байлығы сақталуда. Отбасыңызға амандық, береке-бірлік және бақ тілеймін! – деп атап өтті Мирболат Бауыржанұлы өз сөзінде.
Өз кезегінде үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған Арайлым Шаймарданова мемлекет басшысына, аудан әкіміне алғысын білдірді.
Бану Самат,
Жәнібек ауданы, 
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале