Шыңғырлау ауданында Ащысай ауылының тумасы, алтын құрсақты, аяулы ана Марал Омарғалиева «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көрсетілетін қолдаулар мен көмектер туралы айтып өтіп, төсбелгіні табыстады.
- Бүгінгі марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Ел болашағының жарқын болуына қосқан әр үлесіңіз біз үшін бағалы. Адал, елжанды ұрпақ тәрбиелеп отырғаныңыз үшін сізге алғысымыз шексіз, - деп, аудан әкімі тілегін білдірді.
Марал Махсотқызы қазіргі таңда бес қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған ардақты ана, аяулы жар. Балаларының кішісі бір жастан асса, алды 24-ке келген. Жолдасымен отау құрғандарына биыл 25 жыл толып отыр. Міне, күміс той қарсаңында қуанышы еселеніп «Күміс алқа» иесі атанды.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz