Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев алты баланы дүниеге әкелген аналарға "Күміс алқа" табыстады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша "Күміс алқамен" Қособа ауылының тұрғыны Мейрамгүл Ғұмарова мен Жетікөл ауылының көп балалы анасы Әсел Күнтуарова наградталды.
Мейрамгүл Айтқалиқызының тұңғышы Гүлім 2003 жылы, ең кішісі Медина 2020 жылы көрінген. Тұңғышы Орал қаласында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті болса, ұл-қыздары жалпы білім беретін Қособа мектеп-балабақша кешенінің оқушылары.
Ал Әсел Сергейқызының тұла бойы тұңғышы Айнамкөз 2004 жылғы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде студент, қалған ұл-қыздары Сырым мектебінде білім алуда. Алтыншы сәбиі Айназым былтыр дүниеге келген.
"Күміс алқа" тағып, құрметке бөленген қос ана аудан әкіміне алғыс білдірді.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz