8.07.2022, 18:45
Оқылды: 64

"Күміс алқа" табыс етілді

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев алтын құрсақты, алты баланың анасы жымпитылық Эльмира Негметуллинаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын табыс етті.

WhatsApp Image 2022-07-08 at 18.36.33

Эльмира Әнуарқызы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде статист болып сегізінші жыл еңбек етіп келеді. Қызметі мен бала тәрбиесін қатар алып жүрген ана. Балаларының жақсы білім алуына және тәрбиесіне үнемі көңіл бөледі. Ауыл тұрғындары арасында беделді, еңбекқор, ағайын-тумалары арасында сыйлы отбасы.

Жолдасы Ырысбек Мұхамбедияров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден қызмет көрсету бөлімінде күзетші болып жұмыс жасайды.

WhatsApp Image 2022-07-08 at 18.36.17

Үлкен ұлы Ахмедияр Батыс Қазақстан облысы Орал гуманитарлық техникалық колледжінің 3-курс студенті, грант иегері. Екінші ұлы Мансур мен қызы Ақмаржан жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінде оқиды. Одан кейінгі қыздары Эсманұр мен Хайят – «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушілері. Хайят Ы.Алтынсарин өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауына қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді. Кенже қызы Жасмин ата-анасының тәрбиесінде.

Аудан әкімі «Күміс алқа иегеріне» тек балаларының алдында ғана емес, мемлекет алдында да абыройлы екенін айтып, қандай бұйымтайы барын сұрады. Эльмира Негметуллина үйінің апатты жағдайда екенін, тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, баспана жағынан көмек болса деген ұсынысын білдірді.

Шынар Молданиязова, 

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале