Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекенінің тұрғыны, алты баланың анасы Бақытгүл Ғұсманова және Ақоба ауылдық округінің тұрғыны, алты баланың анасы Маржан Еслямованы қабылдап, ҚР Президентінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №797 Жарлығы бойынша «Күміс алқа» алқаларын табыстады.
Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каримоллаұлы бала біздің байлығымыз екенін тілге тиек етіп, көп балалы аналардың дендеріне саулық, отбасына амандық тіледі.
Мәдина Сағындық,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz