1.08.2022, 16:30
Оқылды: 47

«Күміс алқа» табыстады

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев отбасыларында алты бала тәрбиелеп өсірген сулыкөлдік Лариса Ақымғалиева мен Қаратөбе ауылының тұрғыны Гүлнұр Есқайырованы қабылдап, «Күміс алқа» табыстады.

0

- Отбасындағы бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, олардың қоғамда өз орындарын тауып, елге елеулі азамат пен азаматша болып өсуіне зор үлес қосып келесіздер. Отбасыларың аман болсын. Ұл-қыздарыңыз бақытты болсын. «Күміс алқаларыңыз» құтты болсын! -деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

01

«Күміс алқа» иегерлері Лариса Құрметқалиқызы мен Гүлнұр Тілектесқызы көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан жан-жақты жағдай жасалып отырылғандығына ризашылығын білдіріп, аудан басшысына өздерін жылы қабылдап, сый-сияпат табыстап құрмет көрсеткені үшін алғыстарын айтты.

Қабылдау барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев сөз сөйлеп, «Күміс алқалы» Л.Ақымғалиева мен Г.Есқайырованы наградаларымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

02

- Отбасында 3 қыз, 3 ұл тәрбиелеп келеміз.Үлкен ұлым Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің  физика-информатика факултетінің ІІ курсында, қызым Торғын осы университеттің ағылшын-орыс тілі факультетінің І курсында оқып жатыр. Елжаным мен Инабатым мектеп жасында. Жұмыссызбын. Үйде мектепке дейінгі жастағы екі баламды қарайлап, үй шаруасымен айналысамын. Мемлекетіміздің көп балалы аналарға жасап отырған жан-жақты қамқорлығына ризамын. Бала – отбасы бақыты. Сондықтан бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөліп, олардың аман-есен өсіп, бақытты болғанын тілейміз,- дейді «Күміс алқа» иегері сулыкөлдік көпбалалы ана Лариса Құрметқалиқызы.

Ерболат Райсов, 

Қаратөбе  ауданы

zhaikpress.kz

                                                                                

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале