Бүгін Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов аудандағы көпбалалы аналармен кездесіп, «Күміс алқа» алқаларын табыстады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №439 Жарлығы бойынша Нұржауар Байтлепова, Лаура Жарасханова алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін «Күміс алқамен» марапатталды.
Аудан әкімі аяулы аналарды марапаттарымен құттықтап, денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларына амандық тіледі.
- Ана - әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі, өмірдің керегесі. Ананың аялы алақаны мен жылы жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да біздің аяулы аналарымыз бен ардақты әкелеріміз аман болсын. Ұл-қыздарыңыз аман-есен өсіп, болашақта ел тізгінін ұстар салиқалы азамат атанып бақытқа бөлене берсін, - деді аудан әкімі.
Өз кезегінде «Күміс алқа» иегерлері Нұржауар Байтлепова, Лаура Жарасханова осындай сый-құрмет көрсетіп жатқан мемлекет басшысы мен аудан әкіміне алғыс айтты.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz