Қазталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин ауыл тұрғындары Толқын Батырова, Жадыра Меңдіханқызын қабылдап, «Күміс алқа» табыс етті.
-Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Әйел, отбасы, қоғам өзара тығыз байланысты. Әйел ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегендеріңіз ерлікпен тең. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, ғұмырларыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын, —деді Самиғолла Сафиоллаұлы.
Бұдан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, округ әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин, Жалпақтал ауылдық округінің аналар кеңесінің мүшесі Қайырлы Спашева сөз алып, игі тілектерін арнады.
Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,
Жалпақтал ауылы
zhaikpress.kz