ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 21 қарашадағы Жарлығына сай «Күміс алқамен» Жәнібек ауылының тұрғыны Майгүл Наурызалиева марапатталған болатын.
Осы орайда бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиев алты бала тәрбиелеп өсірген ананы қабылдап, еліміздің демографиясының дамуына үлкен үлес қосқаны үшін алғыс айтып, оған «Күміс алқа» алқасын тақты.
Өз кезегінде Майгүл Басерқызы өзінің көп балалы ата-ана болу басты арманы екенін айтып, елімізде көп балалы аналарға көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризашылығын білдірді.
Лаура Қайратқызы,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz