Астана қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында сырымдық Нұрсұлтан Зайзағалиев 66 келі салмақта күміс жүлде иегері атанды.
- Финалдағы қарсыласы өзінен 11 жас үлкен, самбодан ересектер арасында әлем чемпионы, дзюдодан Гран-При жарыстарының жүлдегері өте тәжірибелі ақтөбелік палуан Есет Қуанов, - деп жазады Батыс Қазақстан облысының спорт жаңалықтары парақшасы.
Иә, Нұрсұлтан бабында тұрған дзюдошы. Оның кез келген додадан жүлдесіз қайтпауының үлкен себебі - үздіксіз жаттығулар, еңбектің ащы тері.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz