Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округіне қарасты «Ақ өріс» шаруа қожалығы биылғы қысты қысылмай өткізері анық.
Қожалықтағы 100-ге тарта ірі қараның мал қорасы да, жем-шөбі де жеткілікті. Жаз бойы жиған 700 орам шөп қыстақта жиюлы тұр. Ал малдың жемі сатып алынған. Қожалық жетекшісі Жасұлан Шыңбайұлы Орынғалиев үшін осы жыл жетістікке толы болғаны рас. Ол мал басын көбейтіп шаруасын дөңгелетсе, тағы бір жақсы жаңалығы - қожалыққа күн батареяларымен электр көзін тартып, жаңа технологияның шарапатын көруде.
Жалпы мұндай күн панельдері жалпы жиектемеге оралған фотоэлектрлі ұяшықтан тұрады. Күн сәулесі жартылай өткізгішке түскен кезде ол ішінара оның энергиясын сіңіру арқылы қызады. Осылайша, энергия ағымы жартылай өткізгіштегі электрондарды босатады. Сөйтіп, электр өрісі бос электрондарды жіберетін фотоэлементке қосылып, оларды белгілі бір бағытта қозғалуға мәжбүр етеді. Дәл осы электрон ағындары электр тоғын қалыптастырады.
Бағасы 2 млн. 500 мың теңге тұратын акуммуляторлы және батареялы инвенторлы контролі бар 2 киловаттық күн батареялары Жасұланның шаруасына да, тұрмысына да ыңғайлы. Мемлекет бөлген субсидия көмегімен күн батареяларына қол жеткізген. Осындай технологияның жақсылығын өзге де қожалықтар да көрсе дейді қожалық жетекшісі.
А.Муса
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер