17.01.2023, 17:15
Оқылды: 46

Күн тәртібінде – бес мәселе

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде Ескендір Елемесовтің төрағалығымен аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

15

Кеңестің күн тәртібінде «Жәнібек ауданы әкімінің 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы» аудан әкімі Азамат Сафималиев, «Жәнібек аудандық мәслхат хатшысының 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы» аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, «Жәнібек аудандық Қоғамдық кеңес төрағасының 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы» аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ескендір Елемесов, «Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру бойынша конкурсқа шығаруға жоспарланған жер телімдерінің тізбесі туралы» аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев, «Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2023 жылы «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев баяндама жасады.

16

 

Қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерінің сауалдарына аудан басшысы мен мәслихат хатшысы жауап берді. Сондай-ақ отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты кеңес мүшелерінің келісімі берілді.

Сейіт Қали,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале