24.03.2022, 19:26
Оқылды: 19

Күн тәртібінде: мемлекеттік тіл мәртебесі

Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы және Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысы Ерлан Ғалиевтың қатысуымен жиын өтті.

IMG_5808 (1)

Жиынның тізгінін қолға алған аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев аудан көлемінде мемлекеттік  тіл мен өзге де тілдердің дамуы жөнінде қысқаша баяндап өтті.

«2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістанда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төртінші құрылтайы өтті. Құрылтайда мемлекеттік тілге қатысты келелі мәселелер айтылды. Сонымен қатар «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын заман талабына сай жаңаша ұйымдастырып, қайта жандандыру керектігіне баса назар аударылды. Осы орайда ағымдағы жылдың қаңтар айында аталған құрылтай шешімін жергілікті жерлерде іске асыру мақсатында Шыңғырлау ауданы бойынша 8 бастауыш ұйымы және бір аудандық филиал құрылып, оның мүшелегіне ерік білдірген тіл, ұлт жанашырлары қабылданды, - деді аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде.

Ал басқарма басшысы Ерлан Ғалиев қазақ тілінің бүгінгі мәртебесі жөнінде баяндай отырып, жақын арада құрылған «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің алдағы уақыттағы жұмыс барысын баяндады. Сонымен қатар, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі бастауыш ұйымдарының мемлекеттік органдармен және қоғаммен бірлесіп жұмыстануға шақырды. Ерлан Ерсайынұлы өз сөзінде облыс көлемінде «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі филиалы бес жылға жоспар жасақталып жатқандығын және облыста құрылған 42 ұйымның 9-ы Шыңғырлау ауданында ашылғандығын тілге тиек етті.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале