13.07.2021, 19:19
Оқылды: 25

Күнделікті бағадан айырмашылық бар

Жуырда Тасқала ауданы орталығындағы ашық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда Мереке ауылдық округінен әкелінген ауыл шаруашылық өнімдері халыққа ұсынылды.

F2DBC8FD-A6B0-41DA-B7B6-BAC5AE1489AE

Аталмыш жәрмеңкеде сүт, айран, сары май және қымыз бар. Сонымен қатар жылқы еті мен сиыр еті де тиімді бағамен сатылды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұған дейін аудан орталығында жылқы еті 2200 теңгеден сатылған болса, жәрмеңкеде 2000 теңгеден ұсынылды. Сиыр етін орталықта әр келісін 2100 теңгеден сатып алып жүрсек, бүгінгі саудада 1950 теңгеден сатылып жатты. Сонда күнделікті еттің бағасынан әр келісіне 150-200 теңгеден айырмашылық бар. Жәрмеңкедегі арзан бағалар қарапайым халық үшін тиімді-ақ.

Әсет Баян,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале