«Тарихи орынға сапар» жобасы аясында Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 6-7 қазан күндеріне жоспарланған «Өлкенің қасиетті рухани құндылықтары» экспедициясы басталды.
Экспедицияның негізгі мақсаты – аудан тұрғындарын туған жердің тарихымен таныстырып, оқушыларды хабардар ету, ауданымызға экспедиция жасау арқылы өзекті мәселелерді талқылау.
Бүгін өңіріміздің архитектуралық ескерткіштерін зерттеген этнограф Серік Әжіғали қызықты әрі айтарлықтай ерекше ескерткіш ретінде бағалаған Төребай мазарына жол түсіп, сапар шектік.
Зерттеу экспедициясына өлкетанушы Тыныштық Өтешқалиев, тарих пәнінің мұғалімі Қаһарман Зинуллин және бір топ аудан жастары атсалысты. Өлкетенушы Т.Өтешқалиев мазардың тарихына қатысты қызықты әңгімелерімен бөлісіп, орындалуы тиіс жұмыстарды да атап өтті.
Нұргүл Дүйсенбаева,
Жаңақала ауданы,
zhaikpress.kz