Бүгін Жаңақала ауданы орталығындағы «Шырағдан» саябағында 31 мамыр - саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты еске алу кеші өтті.
Алдымен қуғын-сүргін құрбандарына Құран оқылды. Содан соң Міржақып Дулатовты халық жауы деп танып, темір торға тоғытып, ату жазасына кескен көрінісі көрсетілді. Хормен «Заман-ай» әні орындалды. Аштық заманынан үзінді көрініс көрсетілді. Р.Төлегенов «Алаш ұраны» әнін орындады. Алаш зиялыларының, барша жазықсыз, халық жауы деп танылып, ату жазасына кесілгендердің рухтарына 1 минут үнсіздік жарияланды. Жиын соңында Ғайниет Валиев сөз сөйлеп, қуғын-сүргінде құрбан болған азаматтарымызды еске алды.
Р.Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz