31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Бұл күн – қолдан жасалған ашаршылықтан мың-миллиондап жазықсыз қырылған қаймана қазақты, сұраусыз ату жазасына кесіліп, итжеккенге айдалған арда азаматтарды, абақтыға қамалып, шерменде күй кешкен ару-аналарды, бағынан соры бес елі болған балаларды еске алып, тағзым қылатын күн.
Дәл осы күні бүгін «Қару аманаты» саябағындағы саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті.
Аталған шараға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева және еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке аудан жұртшылығы атынан аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, аудандық мәслихатының төрағасы Лариса Қайырғалиева мен еңбек ардагері Болат Лұқпанов және ауыл тұрғындары гүл шоқтарын қойып, cаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір сәт үнсіздікпен еске алды. Ауданымыздың теологы Мұхамед-Әли Медетұлы марқұмдардың рухына дұға бағыштады.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz