30.07.2020, 19:32
Оқылды: 31

Құрманғалиевтардың игі ісі

Қазіргі кезде елді жайлаған індетпен күресте ешкім аянып жатқан жоқ. Ақжайық аудандық ауруханасында ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайын жасауда ақхалаттылармен бірге қол ұшын созған жомарт жандардың көптігі қуантады. Сөзіміздің дәлелі - аурухана басшылығы осы кезге дейін кәсіпкерлерден 6 млн. теңгенің көлемінде көмек келгенін айтады.

0DBA2E47-55FB-4FB3-A735-A7FEFEEE6602

Міне, бүгін тағы бір игі бастама жүзеге асырылып, медицина мамандары мен науқастардың жағдайын жақсартуда оң шаруа шешілді. Атап айтсақ, талай игі істердің жүзеге асуына демеуші болған, еңбекқорлығымен, қайырымдылығымен елге танымал Құрманғалиевтер отбасы қаражат бөліп, Ақжайық аудандық ауруханасының ауласынан құдық қазып берді. 800 мың теңгеден астам қаражат шығарылып, құдықтан жұқпалы аурулар бөлімі, провизорлық орталыққа құбырлар тартылды. Құрбан айт мерекесінің қарсаңында құдық қазып, сауабын мың еселеген жомарт жандарға ақжелеңділер қауымының алғысы шексіз.

Ауданда алдағы уақытта да осындай игі істер өз жалғасын табады. Бұл қолдаулардың барлығы ем алып жатқан жерлестерімізге үлкен демеу болатыны анық.

Әсет Бисенғалиев,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале