7 шілде күні өткен әкім сайлауында 87 пайыз дауыспен жеңіске жеткен Әдемі Жұманиязова Құрманғазы ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды. Тағайындау кезінде алғыр әрі іскер қабілетімен ел үмітін ақтайтынына сенім білдірген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
– Құрманғазы ауылының өсіп-өркендеуіне осы отырған тұрғындармен бірлесіп зор үлес қосады деп сенемін. Өзіңе мәлім, ел таңдауының, сенімінің артында жіті жауапкершілік, тынымсыз еңбек жатыр. Іскерлігіңмен, адалдығыңмен және еңбекқорлығыңмен талап үдесіне шығады деген ойдамын. Ауыл шекара шебінде тұр. Қазір міне баспана құрылысы қызу жүріп жатыр. Округке көпбалалы жанұялар қоныстанып, жас кадрлар келіп ауылымыз дами түспек. Ал халық сенің қашанда қолдаушың», - деді ол.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов сайлау қорытындысын саралап, өткен саяси науқанның ашықтығы мен әділдігін айқындады.
zhaikpress.kz