29.12.2021, 15:45
Оқылды: 43

Құрмет көрсетті

Тәуелсіздік меретойына орай жуырда Тасқала ауданы әкімі Бауыржан Айтмағамбетов желтоқсан оқиғасына қатысқан ауданның бірқатар азаматтарын қабылдап, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

35

-1986 жылдың желтоқсаны қазақ жұртшылығы үшін оңай болмағанын білеміз. Барлығыңызда еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жансыздар. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Сол бір шақтарда өткен оқиғалар жөнінде әңгіме дүкен құрайық деген ниетпен шақырып отырмыз. Сіз секілді сол кездің жастары тәуелсіздігімізге қол жеткізуге түрткі болды. Сол үшін де алғысымыз шексіз. Отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді аудан басшысы Бауыржан Есқайырұлы.

Қабылдау барысында желтоқсаншылар сол кездегі өздерінің бастарынан өткен қиын шақтарымен бөлісті. Айтулы мерекеде бас қосқан желтоқсаншыларға аудан басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале