Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов аудандық аурухананың инфекционист дәрігері Елена Колпоковаға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасын табыс етті.
Ақ халатты абзал жандардың індетпен күресте алдыңғы шепте жүргенін атап өткен аудан басшысы дәрігерлерге алғысын білдіріп, коронавирус індетімен күресте аянбай тер төккен жандардың еңбегіне жоғары баға берді.
Елена Колпокова 1993 жылдан күні бүгінге дейін аудандық ауруханада еңбек етіп келеді. Жұқпалы аурулар және терапия мамандықтары бойынша жоғары санатты дәрігер, өз ісінің білікті маманы.
Осы жылдар ішінде өзін тек жақсы қырынан танытқан білікті маман. Атап өту керек, Елена Владимировна дәрігерлер жанұясының өкілі. Оның анасы да дәрігер болған.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz