Бүгін Казталов аудандық ардагерлер үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Құрмет» танымдық жобасының мерекелік бағдарламасы өтті. Бағдарлама қонақтары аудан орталықтарындағы әр түрлі мекемеде еңбектің қиын уақытында бел жазбай еңбек сіңірген аналарымыз – «Байланыс» ардагері, 85 жасқа аяқ басқан ақжаулықты ана Күләш Жардемалиева, аудандық әкімшілік мекемесінің ардагері Кәрима Тналиева, аудандық аурухана саласының ардагерлері Жұмазия Құтхожина, Күмісханым Сакетова, Нұрғаным Малаева, әлеуметтік сала ардагері Нұрғаным Калимуллина, аудандық білім беру бөлімінің қызметкері Ақбілек Хасанова.
Мерекелік бағдарлама барысында аналарымыз қызмет атқарған жылдарында кездескен қиындықтар мен қызықты сәттерімен бөлісе отырып, жастардың болашағына сәттілік тіледі. Сонымен қатар аналарымыздың ұрпақтары гүл шоқтарын табыстады. С.Садықов мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары әсем әндерін әуелете шырқап, керемет көңіл күй сыйлады. Аманжол Камжановтың орындауындағы «Бозторғай» әні тыңдаған бағдарлама қонақтары, қатысушылары аналарын ойлап, көздеріне жас алды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов ардақты аңаларымыздың еңбегі туралы айтып ризашылығын білдірді. Аудан әкімінің аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік барша ана қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, аудандық әкімшілік мекемесінің ардагері Карима Тналиеваға басына ақжаулық жауып, қазақы нақыштағы камзол кигізіп, алғысхат пен гүл шоғын табыстады.
Кеш соңында бағдарлама қонақтарына «Құрмет» танымдық жобаның ұйымдастырушысы Нұрия Самиғоллақызы гүл шоқтары мен «Құрмет» громотасын табыс етті.
Келешек ұрпаққа осындай тәрбиелік мәні зор тағылымды іс-шараларды ұйымдастырып жүрген Нұрия Самиғоллақызының еңбегі зор.
Мейірім Парасат,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz