19.01.2022, 18:55
Оқылды: 68

Құрылыс жайы талқыланды

19 қаңтар күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының бастамасымен аудан орталығындағы А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің және 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарына қатысты қоғамдық талқылау жиыны өтті. Қоғамдық талқылауға «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, БҚО Құрылыс басқармасының бас маманы Сырым Ерболатов, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, аудандық мәслихат депутаттары, құрылыс нысандарының мердігерлері, бірқатар дербес бөлім басшылары, аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

CE3AC14B-C296-4B9D-A11E-28700CAFDF26

Қоғамдық тыңдалымда спорттық нысан мен білім ордасы құрылысының тұралап қалуына негізгі себеп құрылыс материалдарының қымбаттауы. Бұдан бөлек жоспарға енгізілмеген қаржылық есептеулердегі қателіктер (А.Оразбаева атындағы ЖОББМ) де құрылыс жұмысының баяулауына себеп. Жиын барысында талқыланған дене шынықтыру-сауықтыру кешені ағымдағы жылы пайдалануға берілетіндігі айтылды. Құрылыс жұмыстарына қатысты мәселелерді «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» құрылыс бойынша менеджері Ержан Әубәкіров бейнебайланыс арқылы байланысқа шығып, мәлімдеме жасады. Ал Алма Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің құрылыс жұмыстары барысында қаржылық есептеулер де дұрыс жүргізілмегендігі анықталған. Ауыл тұрғыны Нұрлан Құсайыновтың әлеуметтік желісіндегі жазбалары және құрылыс жұмыстары жөнінде «Жиенбай» ЖШС директоры Александр Қарағойшин мәлімдеме жасады.

-Бүгінгі жиын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Себебі аудан тұрғындары арасында әлеуметтік желілер арқылы түрлі сауалдар қойылып, жазбалар жазылып жатыр. Халық пікірін ескере отырып, қоғамның белсенді өкілдерімен және жауапты тұлғалармен бірге мақсатты жиын өткізуіміз керек. Біз халық үніне құлақ асып, нақты шешімдер қабылдаудамыз. Ал талқылауға түскен қос құрылыс нысаны «Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалының 2025 жылға арналған бағдарламасында бар. Нақты айтар болсақ, аудан тұрғындарының пікірі партияның бақылауында, - деді Ерболат Бекмулдин.

Жиында БҚО құрылыс басқармасының бас маманы Сырым Ерболатов аталған құрылыс нысандарына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Талқылауға қатысушылар Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық мектебі мен аудан орталығындағы екі қабатты қос тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына қатысты сауалдарын да қойып, тиісті жауаптарын алды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале