16.05.2022, 14:45
Оқылды: 7

Құсшы қауым жиылды

Құс бағуды кәсіп еткен ағайын Теректі ауданы Подстепный ауылында жиылды. Еңбек етіп, өсіріп, аяққа тұрған құсын сатып алам деген жанға саудалаған құсшы қауымы биыл алғаш ұйымдастырылған үй құсының жәрмеңкесіне барын алып келіпті.

20220516_100330

Орал қаласы мен алыс-жақын аудан кәсіпкерлеріне тамаша мүмкіндік сыйлаған ерекше жәрмеңкені Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастырды.

20220516_100319

Жәрмеңкеде тауықтың жұмыртқа бағытындағы доминант, ломан браун және етті бағытқа арналған бройлер түрлері, қаздың крупно-серый және линда тұқымы, үйректің бірнеше түрі ұсынылды.

20220516_110132

Шараның өтетінін естіген ағайын жәрмеңке басталмай жатып өтетін орынға келді. Сосын да болар құс саудасы бірден қызды. Сонымен қатар әр сатып алушыға тек құс қана емес, олардың өсіп-жетілуіне қажетті дәрумендер де сатылды.

20220516_103457

Одан бөлек, өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөліскен құс асыраушылар мұндай шаралар жиі өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді дегенді айтуда.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале