19.10.2020, 17:28
Оқылды: 33

 Құтқарушы – қауіпті де қадірлі мамандық

Жер шары – бұл адамзатқа ауық-ауық табиғи және техногендік апаттар түріндегі жағымсыз тосын сыйлар жіберіп тұратын тірі организм. Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйенсек, төтенше жағдайлардың динамикасы көңіл көншітпейді. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9 орын алады, табиғат елімізге 2,7 млн. шаршы шақырымнан астам аумаққа созылатын әдемі және әр алуан ландшафтты берген. Бұған қоса табиғи және диологиялық жағдайдың әртүрлі болуына байланысты еліміздің аумағы адамзатқа белгілі көптеген апаттарға жиі ұшырап отырады. Олардың қатарында жер сілкінісі, су тасқыны, сел жүру, қар және лай көшкіні, орман және дала өрттері бар.

Kutkarushy

Мұндай елде табиғи және техногендік сипаттағы барлық қауіп-қатермен күресе алатын қуатты мекеменің болуы өте орынды. Осы табиғаттағы сан түрлі өзгерістермен айналысатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына биылғы жылғы 19 қазан күні 25 жыл толады. Бүгінде оның құрамына өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметтері, апаттар, медицина орталығы, селден қорғау Көкшетау техникалық институты, құтқару авияциясы және де басқа да құрылымдар кіреді.

Бұл бөлімнің ширек ғасырлық тарихында мыңдаған төтенше жағдайлар жойылып, мыңдаған адамның өмірі сақталып қалды. Құтқарушы мамандығы – әлемдегі ең қауіпті мамандықтың бірі. Алайда құтқарушы әуелі өзінің өмірі емес, өзгенің өмірі үшін тәуекелге бел буады. Күнделікті өмірде жұмыстан тыс уақытта оларда ел қатарлы қарапайым тіршілік етеді, өмірдің әрбір сәтіне қуана біледі. Ал өз қызметіне кіріскен сәттен құтқарушылар өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Олардың басқалардан айырмашылығы батылдық пен ерліктің үлгісін көрсете отырып, оқыс оқиғаның салдарын жоюға қаймықпай кіріседі. Біздің қызметіміздің басты мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою. 1995-2020 жылдар аралығында бөлім қызметкерлері 1 млн. 353 мыңнан астам оқыс оқиғаларға шығып, 374 мың адамды құтқарды. Ал 334 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 55 мың адамға медициналық көмек көрсетілді.

Біздің мамандығымызға қызығушылық танытып жүрген жастардың Көкшетау техникалық институтына түсуге мүмкіндігі бар. Бұл оқу орнында өрт қауіпсіздігі Төтенше жағдайлардан қорғау азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық күштері және авариялық-құтқару істерінің бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындайды.

                                                                                             Бахтияр Катчетков,

Шыңғырлау ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале