Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы Абай мектеп –гимназия – интернатында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Күз ханзадасы мен ханшайымы байқауы – 2021» байқауы өтті.
Мектептің тәрбие ісінің меңгерушілері Самал Исмағұлова, Айшабибі Үмбетиярова, мектеп тәлімгері Айдана Сапиева ұйымдастырған сайысқа мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Үміткерлер «Кел,танысайық!», «Өнерлі өрендер», «Ұшқыр ой», «Сән үлгісі» сынды кезеңдерде бақ сынады. Қызықты сайыс қорытындысында 9 сынып оқушылары Аман Амангельдиев «Күз ханзадасы», Аружан Русланқызы «Күз ханшайымы» аталымын жеңіп алды.
Шара соңында әділқазы алқасының мүшелері сайысқа қатысушыларға жылы лебіздерін айтып,арнайы сыйлықтар табыстады.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz