16.07.2020, 16:18
Оқылды: 38

Күздікке орақ түсті

Теректілік диқандар күздік егістік басында қауырт қимылда. Қауызы толған арпа-бидайға орақ салған шаруалар қауымы шілденің аптап ыстығына қарамастан, ырыздық жинауда.

C6FAFDD3-1855-4F27-9FB5-84B82DF2DA83

Аудан бойынша 16 326 га жерге күздік салынған екен. Қазір соның тең жартысы, 8 607 гектары жиналды.  Өнім шығымдылығы орташа есеппен бір гектардан 17, 46 центнерден болып тұр.  Соның ішінде күздік бидай салынған 12 107 гектардың  7189 гектары жиналды. Орташа шығымдылығы 19 ц/га деп есептегенде, дәл қазір 13 787 тонна бидай қырман басында.  Күздік қара бидайдан түсім – гектарынан 8,77 центнер. Жалпы салынған 4219 гектар жердің 1418 гектары орылып, 1243 тонна қара бидай бастырылды.

- Новопавлов ауылдық округі жеріне егін салатын тәжірибелі диқан Сәлембай Мәдиевтің егін жинау қарқыны әсіресе басым. Өткен апта күздік бидайды жинап алған ол қазір күздік салған қара бидайды оруға кірісіп кетті. Жұмыс ауанын барлай барған кезде шаруашылық ұжымының егістік басындағы білек түрген қимылына риза болдық,- дейді Теректі ауданының ауыл шаруашылыңы бөлімінің бас маманы Айнұр Лұқпанова.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы   

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале