14.12.2024, 15:30
Оқылды: 172

Күзгі лига өз мәресіне жетті

Бөкей ордасы ауданында волейболдан мекеме қызметкерлері арасындағы аудандық күзгі лига өз мәресіне жетті.

ф1

Жабылу салтанатында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов жеңімпаз командаларды құттықтап, күзгі лига ойындарына демеушілік білдіріп жүрген Жалғас Ерболатовтың жұмысына толағай жетістіктер тілеп, алғысхат табыстады.

Тартысты ойынға он бір команда қатысып, кіл мықтының кім мықтысы  анықталды.

фффф

Нәтижесінде М.Мәметова атындағы ЖОББ мектебінің командасы І орынға лайық танылып, аудан әкімінің алғысхаты мен лига кубогы, 150 000 теңгенің сертификатына ие болды.

ІІ орын иеленген аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасына да аудан әкімінің алғысхаты мен 100 000 теңгенің сертификаты табысталды.

ФФФ

Аудан әкімдігі командасы жүлделі үштікті иеленіп, алғысхат пен   50 000 теңгелік сертификатқа ие болды.

ф

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале