Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен өткен онлайн жиында күзгі әскерге шақыру барысы мәселесі талқыланды.
Аталмыш жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Айтқалиев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Асхат Сан және ауылдық округ әкімдері бейне байланыс режимінде қатысты.
Жиын барысында күзгі әскери шақырылым бойынша жоспарды уақытында әрі сапалы сапалы ұйымдастыру мәселесі талқыланды.
Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева әскерге шақырылушы азаматтардың арасындағы жоғарғы оқу орнында оқитындарды не жанұя жағдайына байланысты әскери борышын өтей алмайтындардың дәлелді анықтамаларын жинақтап, аудандық қорғау істер жөніндегі бөлімге жолдауды талап етті. Сонымен бірге әскери міндетін өтеуден бас тартып жүргендердің тізімі жасап, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін сол тізімді аудандық полиция бөліміне жолдауды ұсынды.
Ал ауылдық округ әкімдеріне аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік шаралар ұйымдастыру жүктелді.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz