Теректі ауданына жұмыс сапарымен БҚО полиция департаменті басшысы, генарал-майор Махсудхан Аблазимов келді.
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов төрағалық етті. Аудан әкімінен бөлек жиында аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Рауан Мусин, аудан прокуроры Равиль Мажитов болды.
Теректі аудандық полиция бөлімінің 2020-2021 жылдар атқарылған жұмыстары туралы Рауан Ғимранұлы баяндама жасады. Одан кейін аудан прокуроры Равиль Сидағатұлы қылмыстық істердің 3 буынды модельді тергелуінің жай-күйі турасында сөз қозғады.
Жиыннан соң БҚО полиция департаменті басшысы, генарал-майор Махсудхан Нұғманұлы теректіліктерді жеке қабылдап, сауалдарына жауап берді.
Дана Рақымғалиқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz