22.04.2021, 13:11
Оқылды: 48

Қыршын кеткен бәйтеректік сарбаздар

  Ұлы Отан соғысы жылдары туған елін неміс-фашист басқыншыларынан қорғау жолында тұтқынға түсіп, қилы тағдырды басынан өткеріп, қыршыннан қиылғандар қаншама? Отан қорғауға аттанып, хабар-ошарсыз кеткен аталарын, бауырларын, әкелерін іздеп жүргендер арамызда әлі де бар. Көп адам өздерінің соғыстан оралмаған жақындары туралы қандай болсын мәлімет білгілері келеді. Бүгінде қан майданнан оралмаған боздақтар туралы мәлімет іздеп, жас өмірін жаумен арпалысуғы жұмасаған аталарымыз туралы ақпарат жинауды қолға алдық.

0DE77824-AB1F-4C87-BD93-7BF0F814E849

Осы орайда РФ Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінің «Обд-мемориал» сайты арқылы соғыстан оралмағандарды іздеу жұмысымен айналысып жүріп, сұрапыл жылдары жау қолына тұтқынға түскен 10 бәйтеректік боздақ туралы архив құжаттарын кездестірдім. Сол бір зұламат жылдары жау қолына тұтқынға түскен Қызыл әскер жауынгерлеріне фашист жендеттері жеке карточка ашып, олардың аты-жөндері мен әкесінің есімін, туған жылын, діні мен ұлтын, әскери шенін, соңғы қызмет орынын, бойы мен басбармақ таңбаларын, 3х4 көлеміндегі суреттерін жапсырыпты. Тіпті мекенжайлары мен туыстарын да жазған.

Анықтаған 10 боздақтың 8-і тұтқында қайтыс болса, екі жауынгердің тағдырлары белгісіз. Архив құжаттары негізінде әр боздақтың аты-жөндерін еш өзгертпей сол қалпында жазуды жөн санадым. Оған түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін. Ендеше, назар аударайық.

3928E11A-37EF-4A08-928F-A7C3887A060B

Тегі: Батыргалиев. Есімі: Каир. Туған жылы: 1905. Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Дакаров. (Макаров болуы мүмкін) Ұлты: қазақ. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 05.12.1942. Мекен-жайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дакоров ауылы.  [Қор:58. Тізімдеме: 977520.  Іс:2849. Парақ:32].

Тегі: Горбунов. Есімі: Григорий. Әкесінің аты: Иванович. Туған жылы: 09.1921. Туған жері: Қазақ КСР-і, Кирсарево (құжатта солай Кирсаново болуы мүмкін). Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 697 артполк. Тұтқынға түскен мерзімі: 24.08.1941. Тұтқынға түскен жері: Великие Луки. Лагерь: шталаг 324. Лагерьдегі жеке белгісі: 8072. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 24.12.1941. Жерленген жері: Гродно. Мекенжайы мен туысы: Қазақстан, Даринск ауылы. [Қор:58. Тізімдеме: 977520. Іс:2841. Парақ:71].

659E0DFF-5992-442F-97B9-453E78AD0C5F

     Тегі: Душанов. Есімі: Жужагалин. Туған жылы: 1908. Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Чесноков. Діні: мұсылман. Ұлты: қазақ. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 884 атқыштар дивизиясы. Тұтқынға түскен мерзімі: 07.08.1942. Тұтқынға түскен жері: Сталинград. Лагерь: III. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 14.09.1942. Жерленген жері: Проскуров/Ракова. Мекенжайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Чесноков ауылы. [Қор:58. Тізімдеме: 977521. Іс:2230. Парақ:51].

Тегі: Дученков. Есімі: Отар. Әкесінің аты: Исмухан. Туған жылы: 1920. Туған жері: Орал облысы. Ұлты: қазақ. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 123 атқыштар дивизиясы, 245 атқыштар полкы. Тұтқынға түскен мерзімі: 04.09.1941. Тұтқынға түскен жері: Карел-Фин КСР-і, Карельский перешеек, Терийки селосы. Лагерь: Выборгтағы №6 лагерь. Тұтқындағы жеке белгісі:Vi-7274. Тағдыры: тұтқынға түскен.  [Мәлімет берушінің атауы Финляндия Ұлттық архиві; Ресей мемлекеттік әскери архиві. Қор:Кеңес әскери тұтқындарының Фин лагерлері. Тізімдеме: 1941-1945 Кеңес әскери  тұтқындары.  Іс:2958339].

Ескертпе: Соғыста жау қолына тұтқынға түскен Дученков Отардың кейінгі тағдыры белгісіз.

Тегі: Жунусов. Есімі: Капас. Әкесінің аты: Жунусович. Туған жылы: 1920. Туған жері: Красный Урал. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 173 атқыштар полкы. Тұтқынға түскен мерзімі: 04.07.1941. Тұтқынға түскен жері: Латвия. Лагерь: шталаг ІІ Н (302). Тұтқындағы жеке белгісі: 20475. [Қор:58.  Тізімдеме: 977532. Іс:63. Парақ:387].

73554638-DF3D-4946-AE07-D549C956CBF3

   Ескертпе: Соғыста жау қолына тұтқынға түскен Жунусов Капастың кейінгі тағдыры белгісіз.

       Тегі: Искиндиров. Есімі: Давлет. Туған жылы: 1905. Туған жері: Борза. Діні: мұсылман. Ұлты: қазақ. Тұтқынның жеке карточкасында 3х4 көлемінде суреті жапсырылған. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 196 атқыштар дивизиясы. Тұтқынға түскен мерзімі: 07.08.1942. Тұтқынға түскен жері: Дон. Лагерь: шталаг II А. Тұтқындағы жеке белгісі: 97086. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 04.06.1943. Жерленген жері: Нойбранденбург жалпы қорым. Мекенжайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметное, Искиндирова Патинат. [Қор:58. Тізімдеме: 977521. Іс:1158. Парақ:53].

Тегі: Немолочный. Есімі: Александр. Туған жылы: 1905. Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Зелен ауданы, Янайка (құжатта солай. Янайкин ауылы болуы керек) ауылы. Ұлты: орыс. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 24.08.1942. Жерленген жері: Украин КСР-і, Каменец-Подольск облысы, Славута ауданы, Славута қаласы «Славута әскери тұтқындар лагері. [Қор:58. Тізімдеме: 18003. Іс:586].

Тегі: Соколов. Есімі: Александр. Туған жылы: 1904. Туған жері: Погодаево. Лагерь: шталаг VІ К (326). Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 10.03.1945. Жерленген жері: Цайтхайн ІІІ қорым, зират 58 участок,  І блок, 11 қатар. Жерленген жері: Германия, Падерборн, Форелькруг/Зенне.  [Қор:58.   Тізімдеме: А-71744. Іс:5.  Парақ:93].                                                                    

Тегі: Сулиймелин. Есімі: Сенгазе. Әкесінің есімі: Сульевичмел. Туған жылы: 25.04.1912. Туған жері: Қазақ КСР-і. Ұлты: қазақ. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 196 атқыштар дивизиясы. Тұтқынға түскен мерзімі: 08.08.1942. Тұтқынға түскен жері: Дон. Лагерь: шталаг ІV Н (304). Тұтқындағы жеке белгісі: 50939. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 06.10.1943. Жерленген жері: Цайтхайн ІІІ қорым, зират 58 участок,  І блок, 11 қатар. Мекенжайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы, Приуралье ауданы, Краснов ауылы, Сулиймелин Капдуш [Қор: 58. Тізімдеме: 977520. Іс:1926].

Тегі: Шоламбаев. Есімі: Хамидула. Әкесінің есімі: Шоламбай (Холамбай). Туған жылы: 1908. Туған жері: Орал. Діні: мұсылман. Ұлты: қазақ. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 105 атқыштар полкы. Тұтқынға түскен мерзімі: 01.07.1942. Тұтқынға түскен жері: Севастополь. Лагерь: шталаг VI K (326). Тұтқындағы жеке белгісі: 69378. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 19.01.1943. Мекенжайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы, Приуральный ауданы, Керзауф ауылы, Шоламбаев Аккаль. [Қор:58. Тізімдеме: 977520. Іс: 2144. Парақ: 177].

      Ресей архивінде соғыс жылдарынан сақталған құжаттар осылайша сыр шертеді.

                                                                               Ахмедияр Батырханов,

                           ҚР Журналистер одағының мүшесі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале