Мемқызметтің ардагері Сержан Бисембиевті өңір халқы мемқызметтің майын шаққан ардагер ретінде жете таниды.

Сержан Жиенқұлұлы – осы өңірдің, дәлірек айтқанда Бұлдырты ауылының тумасы. Әкесі Жиенқұл мемлекеттік қызметтің бел ортасында болған білімді азамат болса, анасы Хамида Көзеева бала тәрбиесімен айналысты.
Жастайынан білімге зерек болып ер жеткен Сержан Алматыдағы зооветеринарлық институтына оқуға түсіп, ойдағыдай бітірді.
Жоғары білімді жас маманның алғашқы еңбек жолы 1971 жылы Жымпитыдағы аудандық ветеринарлық стансада малдәрігері қызметін атқарудан басталды
Іске білек сыбана кіріскен жас жігіт Жиенқұлдың Сержаны өзінің мемлекеттік қызметтік саладағы сара жолын одан әрі Бөрлі ауданының Ақбұлақ кеңшарында, Бұлдырты кеңшарында бас мәлдәрігерлік салада жалғастырса , 1980 жылы ауданның Абай кеңшарында тоғыз жылдай партия комитетінің хатшысы қызметінде , аудандық ауыл шаруашылығы кәсіподақ комитетінің төрағасы лауазымы нда болу бұйырды.
Сержан Бисембиев Тасқұдық кеңшарының директоры қызметін де, Өлеңті ауылының әкімі қызметінде өте жауапкершілікпен атқарды.
Соңғы жылдары әке тәлімін алып, мемқызметте әбден ысылған азамат Сержан аудан әкімдігі және аудандық мәслихатта қызметтік іздерін қалдырып, зейнеткерлікке шықты
Сонау жылдарға көз жүгіртіп қарасақ Сержан Жиенқұлұлының мемлекеттік саладағы атқарған қызметіне 40 жылдың жүзі болыпты. Қыртысы жоқ қырық жыл.
Аз уақыт па?!.
Тоқырау жылдары үкіметтің өкілі болу оңай емес-ті. Баласына нан таба алмай қажыған әкенің, қазаны қайнамаған ананың көзіне тіке қарай қайдан оңай болсын?!
Сол жылдар кезінде ол Фатхолла Сатанов, Мақсот Ысқақов, Сыдық Тажмұқан, Әбдіғали Дүйсенов, Әнуарбек Ғалымов, Марат Оңғарбеков және тағы басқа азаматтармен қызметтес болғанын мақтаныш мәртебе санайды.
Ал, кейіпкеріміз Сержан Жиенқұлұлының айтуынша ол кезде бір ғана мақсат болыпты - ол міндетіңді адал, таза атқару, жауапкершілік жүгін жете сезіне білу ғана болған
Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Сержан Бисембиевтің кеңсе түгіл өмірде де өзгермейтін өзіндік ұстанымы, темірдей тәртібі бар.
Ол үнемі аудан, облыста болатын мәдени шаралардың ортасынан үнемі табылып, алқалы жұрттың алғы қатарынан көрінуде.
Өткізілетін мәдени шара жиындарға ертелі келу , толғамды ой-пікірін ортаға салу –оның қанына сіңген қасиеттердің бірі.
Сырым ауданының құрметті азаматы, мемқызметтің ардагері Сержан Бисембиевтің қызы Диляра бүгінде Ақсай қаласында, ағылшын тілі маманы, аудармашылық қызметте.
Әке тағылымы, өнегесі деген де осы болса керек.
Мүсірбек Әлібекұлы
Сырым ауданы