9.02.2024, 15:30
Оқылды: 81

Қыс қаһарын көрсетті

7 ақпан күні түтеп берген бораннан жол жабылып, сақтандыру хабарламалары таратылды.

кар жол тазалау

Сол күні Теректі ауданында төтенше жағдай болды. Ауданның 19 елді мекені, ұзын саны 1 732 абонент жарықсыз қалды. Қатты желден 8 нысанның шатыры ұшып кетті. Дереу төтенше жағдай департаментіне баяндап, мәлімет жолданды.

жолды кар тазалау

Келесі күні аудандағы оқиғаларды  «төтенше жағдай» деп тану туралы ақпарат келді. Осыған байланысты Аңқаты, Ақсуат, Подстепное, Шаған және Теректі ауылдық округтері аумағында «төтенше жағдай» режимін жариялау үшін аудан әкімінің шешімі дайындалуда. Құжат заңды күшіне енген соң табиғи төтенше жағдайдан зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі.

Күн райына қарамастан, электр торабын жөндеушілер жедел жұмысқа кірісті. Нәтижесінде барлық елді мекен электр жарығына қосылды. Қазір ауылдарға жетер жолдар, ауыл ішілік жолдар қардан тазаланып жатыр.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале