29.01.2026, 17:45
Оқылды: 40

Қыс - қатаң сыншы

Жаңақала ауданы бойынша 2025–2026 жылғы мал қыстату маусымының өту барысын бақылау мақсатында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың 2026 жылғы 21 қаңтардағы өкімімен арнайы аудандық штаб құрылды. Штабтың негізгі міндеті – қыс мезгілінде елді мекендердегі ахуалды анықтау, мал азығының жеткіліктілігін, жол қатынасының жағдайын бақылау және мал шығынының алдын алу.

image-29-01-26-11-35-4

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде аудан бойынша мал қыстауының жалпы жағдайы қалыпты екені анықталды. Көптеген елді мекендер мен қыстақтарда шөп қоры жеткілікті, шаруа қожалықтарының басым бөлігінде екі айға жететін мал азығы бар. Шөп бағасы орта есеппен 8000–10 000 теңге аралығында, ал 25 келі жемнің құны 2900–3300 теңге шамасында.

Құм жақ аумақтарда ірі қара малдың бір бөлігі күндіз жайылымда болып, кешкі уақытта шөппен азықтандырылуда. Қыр жақ өңірлерде мал негізінен қыстақта ұсталып, жылқы малы тебінде бағылып, қосымша шөп салынып отыр.

image-29-01-26-11-35-2

Желтоқсан айында орын алған төтенше жағдай салдарынан жекелеген шаруашылықтарда жылқы мен ірі қара малынан шығын тіркелген, кейбір мал әлі де іздестірілуде. Сонымен қатар, кей қожалықтарда жылқы малының әлсіздігі мен іш тастау жағдайлары байқалып, ветеринариялық бақылау күшейтілді.

image-29-01-26-11-35-3

Жайылымы шектеулі аумақтарда және шөп қоры жеткіліксіз жекелеген шаруашылықтарда қосымша мал азығына қажеттілік бар. Бұл бағытта аудандық штаб тарапынан жағдай тұрақты бақылауда ұсталып, қажетті шаралар қабылдануда.

image-29-01-26-11-35

Жалпы алғанда, Жаңақала ауданы бойынша мал қыстату маусымы жоспарға сай өтіп жатыр және ахуал тұрақты деп бағаланады.

image-29-01-26-11-35-1

Сыйлыхан Талапұлы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале