Бүгін «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азамат Таганиязов, партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Гүлнар Бисенгалиева қыс мезгілінде жолдардың күтіп ұстау жұмысымен танысты.
Партиялық бақылау барысында «Шыңғырлаукомтехсервис» мекемесінің техникаларының жай-күйін тексерді. Сонымен қарат, аудандық тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Ерсайн Шаимбетов аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күтіп ұстау туралы, техникалардың қысқа дайындығы жөнінде қысқаша ақпарат берді.
Қазіргі таңда, облыстық маңызы бар «Ақсай-Шыңғырлау» автокөлік жолына «Талгаз» ЖШС күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде.
2022 жылғы қысқы мерзімде аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау жұмыстары бойынша конкурстық рәсімдер өткізілетіндігін айтты. Сонымен қатар, тікелей келісім шарт жасау арқылы қаңтар-ақпан айларына төменде көрсетілген шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлер 2022 жылғы қысқы мерзімде жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетіндігін баяндады. Атап айтар болсақ:
Анар Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz