18.09.2024, 15:30
Оқылды: 161

«Қыс мезгіліне осы кезден дайындалу қажет»: Жәнібекте комиссия отырысы өтті

Бүгін Жәнібек әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

9ACB123B-11FB-4620-BA8E-0D58846BD5B9

Отырысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Комиссия отырысында төрт мәселе қаралды. Алдымен аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Аманғалиев 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудандық газтехникалық инспекциясының жұмысы мен қысқы кезеңде автомобиль жолдары мен коммуналдық қызмет көрсету және тіршілікті қамтамасыз ету объектілердегі төтенше жағдайларды алдын алу туралы айтып өтті.

Рустам Мирамұлының айтуынша, аудандық білім беру мекемелерінде, Борсы мен Күйгенкөл ауылдық округтеріндегі мәдениет үйлерінде газ құрылғыларында шағын ақаулар бар. Тиісті бөлім басшылары: «Жақын арада мәселелер шешіледі»,- деп көндірді. Одан бөлек газ дабылына да көңіл бөліну керек деді аудан басшысы.

ТЖ ЖП

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жанболат Мұқашевтың айтуынша, аудан бойынша жол белгілері мен шақырымды көрсетіп тұрған белгілер жетіспейді екен.

Үшінші мәселе тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы және тұтынушылардың газбен улануына жол бермеу туралы болды. Бұл туралы №21 өрт сөндіру бекетінің бастығы Жақсылық Есентаев пен «Qazaq Gaz Aimaq» аудандық газ шаруашылығының директоры Рауль Өтемісов баяндады.

Рауль Айболатұлының сөзіне сүйенсек, мекемелер өздерінде болған өзгерістер бойынша газ учаскесімен келісімшартқа отырмаған.

9D2CABB0-2044-430B-BF52-A4735BB8C457

Жиынды қорытындылаған Тимур Серікұлы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Qazaq Gaz Aimaq»аудандық газ шаруашылығы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп, жылыту маусымы кезеңі кезіндегі қауіпсіздік шаралардың сақталуын, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жылыту маусымы басталған уақыттан бастап, апта сайын аудан әкімі аппаратына жылыту маусымының өту барысы туралы ақпарат ұсынып отыруды, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі және тұтынушылардың газбен улануына жол бермеу тақырыбында әлеуметтік желілерге ақпараттар жариялауды тапсырды.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале