Бүгін Жаңақала ауданында «Қыс - 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын ұйымдастыру бағытында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында шара өтті.
Аталған оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Е.Қажиев, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Апақаев және азаматтық қорғау қызметтері, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, жедел ден қою жиынтық жасақтары қатысты.
Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Апақаев оқу-жаттығу жұмысына қатысушыларға шараның мақсатын, жүргізулі тәртібін түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын бастап кетті.
Қыс мезгілінде орын алатын төтенше жағдайлар, яғни электр бағаналарындағы сымның үзілуін жөндеу, тайғақ уақытта жолға құм шашу жұмыстары, жолдан шығып кеткен көлікті шығару және де аязды күндері далада қалған жандарды жылыту орнына апару сынды жаттығу тәжірибесі көрсетілді.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz