21.01.2026, 15:15
Оқылды: 192

Қыстақтағы ағайынның жағдайын білді  

 

Аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов бастап, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайроллин, жер қатынастар бөлім басшысы Руслан Карин, аудандық ветеринария станция басшысы Алмабек Құрмашев қостаған жұмыс тобы ауданымызға қарасты шалғай орналасқан округтерге арнайы барып, қожалық иелерімен кездесті.

615292642_869569482372358_322302092398276484_n

Жұмыс тобы өз іссапарын Саралжын округінің «Қызылой», «Бескөл», «Лайкөл», «Шүкір», «Молжыра», «Мұстахи» қыстақтарынан бастады. Қожалық иелерімен кездесу барысында Кенесары Бекболатұлы сапар мақсатын түсіндіруден бастады.

615406915_869570052372301_3037829011469137141_n

- Біздің бүгінгі сапарымыздың мақсаты – шалғай орналасқан шаруа қожалық иелерімен кездесіп, жағдайларымен танысу. Мазалаған мәселелері болса, шешімін табу. Осы мақсатта ауыл шаруашылығына қатысты сала басшыларымен бірге шығып отырмыз, – деді Кенесары Нұршинов қыстақтағы ағайынмен кездесуде.

615471466_869569939038979_4207670250792225639_n

Бір қуаныштысы деуге болатын шығар, шаруаларымыз мәселе айтып, жүк артпады. Керісінше, алғыстарын айтты. Таратып айтсақ, ел арасында мал азығының жеткіліксіздігіне жергілікті билікті кінәлайтын бар. Біз жолыққан қожалық иелерінің түсінігі дұрыс екен.  Қызылой қыстағындағы Ринат Әбдірешов «Шөптің шықпағанына әкімдіктің не қатысы бар?» десе, Бескөлдегі Жұмағали Ислямов шабындыққа жерді берген үшін алғысын білдірді. «Амандық болса, биыл малдан шығын болмайды деген үмітім бар, бұйыртса, бірге бір төлін көрерміз деп отырмыз» деген жақсы хабарымен де бөлісті Жұмағали Ислямов.

615736006_870676735594966_590024045650891795_n

Дегенмен, қырлықтағы малдың жағдайымен құмдағы үй жануарының жағдайы салыстыруға келмейді. Бұл  Ұялы округіндегі қожалықтарға барғанда бірден көзге түседі. Тіпті құмдағы кей қожалықтарда бітеу қоралары да жоқ.

615672868_870676822261624_3283563160919516571_n

Мысалыға, Ұялыға қарасты «Салық», «Теміреш», «Тәжман», «Бірімжар», «Жүніс» , «Аманғали» қыстақтарына ат басын тіреген жұмыс тобының естігені – киік мәселесі.

615777049_870676495594990_4937514016549813510_n

Жалпы екі округ бойынша шаруалар көтерген басты мәселе киік жағдайы болды. Киіктің мал азығына теріс әсер ететіні баршамызға аян. Дегенмен, бұл жерде  жергілікті басшылықтың да қолы байлаулы екенін ескерген жөн.

616197198_870676858928287_7211439823829702185_n

Жоспарға сай, іссапар жалғасын Бөрлі және Бисен ауылдық округтерінен тапты.

Кожалық жетекшілерімен кездесу үшін жұмыс тобы «Жетіжылдық», «Строй», «Тәңкіш», «Ақкөлмек», «Комплекс», «Склад» қыстақтарына арнайы барды.

Кездесу барысында қыс қамы мәселесімен қатар болашаққа деген жоспар да талқыға салынды.

Мысалға, Мырзабай Боранбаев ағамыз өз тәжірибесімен бөлісті.

616103200_870676318928341_2660546570059046104_n

Күнделікті атқарылатын жұмыстарымен қатар Мырзабай ағамыз көбі біле бермейтін әдістерді ортаға салды.

–Қазіргі таңда еліміз бойынша кей өсімдіктердің тұқымы жоқ. Өкінішке қарай Ресей елінен алуымызға тура келеді. Осыны ескере отырып,  тиісті сала мамандарымен кездесіп, біздің жерге егуге келетін өсімдік тұқымдарының жаңа түрін ойлап табуға жұмыстанудамыз. Былайша айтқанда гибрид түрін шығаруымыз қажет, – дейді Мырзабай ағамыз.

Сонымен қатар Мырзабай Боранбаев:

– Өзіңіз білетіндей мен шөп егуді белсенді түрде қолға алдым. Нәтижесін көріп отырған соң, екпе шөп егуді кеңінен насихаттаудамын. Мысалы, көрші қожалықтар 500 га жерге шөп егу жоспарлауда.

616032448_870676115595028_6629865994416524193_n

Жалпы болашақта барлық қожалықтар бұл әдіске көшеді деген ойдамын. Ойлаңызшы, қазіргі ауданымызда бар мал санын ескеретін болсақ, 600 мың гектар жер тапшылығы бар. Көптеген қожалықтардың жерін құм басып жатыр. Қазіргі қазағым жерді демалдырту дегенді білмейді. «Келешек ұрпаққа не қалдырамыз?» деп ойланбаған жанға батады. Мысалыға, мен балаларыма құнарлы, шөбі мол жер қалдырғым келеді. Бұл әке ретіндегі мақсатым.

Тіпті, кей қожалықтар 500- 600 сиыр ұстағанша, асылдандырғандары жөн деген ойым бар. Бір 200 –дей асыл тұқымды мал ұстаса жеткілікті деп ойлаймын. Бордақылауға қойса, тіпті тиімдіректе болады, –  дейді Мырзабай Боранбаев.

Іссапар қорытындылай келіп, жұмыс тобы ат басын тіреген қожалықтардың жағдайы жақсы деп айтуға толық негіз бар. Бүгінгі таңда барлығының дерлік малы қолда, жемделуде. Көтерген  мәселе біреу, ол киікке қатысты. Бір- екілі шаруа жер сұрады. Мал азығы жеткілікті екені де айтылды.

616432089_870676212261685_7936678478725906271_n

Жұмыс тобының бұл сапары алдағы күндері Орда, Мұратсай, Сайқын округтеріне қарасты қыстақтарда жалғасын таппақ.

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале