6.02.2025, 17:45
Оқылды: 343

Қыстақтарда мал төлдеуде

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Бірік ауылдық округіндегі қыстақтардың тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінде аталған ауылдық округтің 23 қыстағына мал тұрақтаған.

FB_IMG_1738842419657

Бірік ауылдық округінде 33 шаруа қожалығы, 3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істеп тұр. Округтегі ірі қара — 8942 бас, ұсақ мал — 22111 бас, жылқы малы — 3330 бас,  түйе — 5 басты құрап отыр. Шаруалар қыстың жайлы өтіп жатқанын атап өтіп, малдың төлдеп жатқанын жеткізді.

FB_IMG_1738842434414

— Қожалық жұмысын ақырындап жүргізіп жатырмыз. Малды асылдандыру бағытын да жұмыс жүруде. Төрт түлік те төлдеуде. Сонымен қатар өз қаражатымыз есебінен тахникаларды жаңғыртып отырмыз. Тек мал басын арттырып қана қоймай, сүт өнімдерін өндірумен де айналысып, осы мақсатта жаңа құрылғыларды сатып алдық,  — деді «Жәнібек» ШҚ жетекшісі Қобыланды Хайыров.

Аудан әкімі қожалық жетекшілеріне мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, өндірістік бағытта да жұмыстар жүргізу қажеттігін, еңбек заңнамасына сай жұмысшылардың жұмысын заңдастыру керектігін ескертті. Округ әкіміне қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале