25.01.2024, 16:00
Оқылды: 56

Қыстың қаһары қыстақтарға қиындық қылмай ма?

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев 2024-2025 жылдарындағы мал қытағының жағдайымен танысу үшін Жақсыбай ауылына сапарлады.

жанибек (2)

Ауылдағы алты дала мал қыстағының жолын аршу, қардан тазалау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Әуелі тұрғындар үшін, әсіресе қыстақтағы шаруалар үшін маңызды жолдың жағдайын көріп, «Бөгет» мал қыстағына атбасын бұрды. Содан соң Кенжебек Пайдин, Нәбиолла Мекетаев жетекшілік ететін «Ерсұлтан», «Ерана» шаруа қожалықтарына аялдап, жұмыстың алға басуына кедергі келтіретін жайттарды сұрады.

жанибек (3)

Ауданда асыл тұқымды малмен айналысатын шаруалар санаулы. Ал сол санаулылар мына қыста қиналып жатқан жоқ па? Басшылар асыл тұқымды герефорд сиырын өсіретін шаруашылықтардың жағдайымен танысты. Сонымен қатар ірі қара мал және жылқы шаруашылығын алға қойған «Пазылбек», «Махамбет», «Сания» шаруа қожалықтарына арнайы барып, мал азығының жеткілікті дайындалғанына һәм техникалардың барына, электр жарығымен қамтылғанына куә болды. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасына ниетті тұрғындармен жүздесті.

жанибек (1)

Жақсыбайда бағдарламаға қызығушылық танытқандар көп. Олар жүздесуде толғандырған сұрақтарын ортаға салып, бағдарламаның ережелерімен танысты. Мирболат Бауыржанұлы мен Нұрболат Зұлыпқарұлы жан-жақты талдап, түсінік жұмысын жүргізді.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале