24.09.2024, 23:13
Оқылды: 179

«Қыз Жібек» ансамблінің жетекшісі мен Жібек қызды облыс әкімі қабылдады

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев  жемісті 70 жасқа толған мерейтойына орай үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің жетекшісі Баян Құбайқызы мен оның қызы айтыскер-ақын Жібек Болтанованы қабылдады.

IMG-20240924-WA0191

Атап өтсек, Баян Құбайқызы ҚР халық ағарту ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін», І дәрежелі «Еңбек даңқы» медальдарының иегері, үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің жетекшісі болып қызмет атқарса, қызы Жібек – Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі.

Өңір басшысы 25 қыркүйек күні «Атамекен» өнер ордасында өтетін «Ән-Баян» фильм-концертіне өңір тұрғындары атынан сәттілік тіледі.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале